«Каспий» футбол клубының басшысы ауысты

Редактор
30.04.2024, 10:48

Былтыр аталған клуб ҚПЛ-де төмен нәтиже көрсетіп, бірінші лигаға түсіп қалған

Каспий ФК

Ақтауда «Каспий» футбол клубы басшылығы ауысып, Нұржан Жалғасбаев директор қызметіне тағайындалды. 

Жаңа басшы Нұржан Жармедетұлы 1983 жылы 9 наурызда дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық Заң университетін  «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазақ иновациялық-гуманитарлық Заң университетін «Экономика» мамандығы  бойынша тәмамдаған.

  • 2004-2011 жылдары ҚР Ішкі  істер органдарында және әскери қарулы  күштерінде қызмет атқарды.
  • 2011 – 2015 жылдары «Қазақстан спорттық технологиясы» ЖШС-нің бас менеджері;
  • 2015 жылы ««Қайсар» кәсіби футбол клубының бас директоры;
  • 2013-2014 жылдар аралығында «Бипэк Лизинг» ЖШС-нің коммерциялық директоры қызметін атқарған;
  • 2016-2017 жылдары «ТЭК-Қазақстан» ЖШС-нің директоры; 
  • 2018-2020 жылдары «Алатау Плаза» ЖШС-нің директоры;
  • 2021-2023 жылдары «Боксинг Лига» ЖШС-нің атқарушы директоры;
  • 2023 жылдан бастап «Каспий» футбол клубы басшысының уақытша міндетін атқарушы қызметінде болған.

Қазіргі уақытта «Каспий» ФК бірінші лигада өнер көрсетеді. Былтыр ҚПЛ ойындарында өнер көрсеткен ақтаулық клуб төменгі нәтижені көрсетіп, төменгі дивизионға түсіп қалған болатын.