Оның трансферлік құны – 2,80 млн еуро
Жазғы трансферлік ауысымда ақтөбеліктер сапын ресейлік футболшы танымал толықтыруы мүмкін деп жазды «Серый Cardinal» телеграм-каналы.
Дереккөздің мәліметінше, тренерлік штаб ірі денелі әрі бойшаң шабуылшы іздестіруде. Бұл талаптарға Артем Дзюба толықтай сәйкес келеді.
Қазір 35 жастағы ойыншы мәскеулік «Локомотив» құрамында доп теуіп жүр. Алайда, оның келісімшарт мерзімі 30 маусымда аяқталады. Оның үстіне, ресейлік ұжым Артёммен қоштасуға дайын екендіктерін ашық білдірген көрінеді.
Осы маусымда ол РПЛ мен Ресей кубогының 26 матчына қатысып, төрт гол соғып, үш голдық пас берген. Трансфермаркеттің мәліметінше, футболшы 2,80 миллион еуроға бағаланып отыр.