«Ақтөбе» – «Астана» матчына билеттің бәрі бірер күнде сатылып кеткен

Редактор
02.05.2024, 12:38

Бұған дейінгі «Қайрат» – «Ақтөбе» ойынында да аншлаг болған

Астана ФК

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 6-турының орталық матчы Ақтөбеде жергілікті команда мен «Астана» арасында өтеді. Аталған ойынға жанкүйерлер билеттің бәрін сатып алған деп жазады «Матч.кз».

Айта кетейік, «Ақтөбе» бес ойында 10 ұпай жинап турнир кестесінің бірінші сатысында келеді. «Астанада» да 10 ұпайы бар, бірақ елордалық клубтың бір ойыны артық. Сондай-ақ, үшінші орында тұрған талдықорғандық «Жетісудың» да 10 ұпайы бар.

Соңғы матчта Дмитрий Парфенов шәкірттері сырт алаңда «Жетісудан» 1:2 есебімен жеңілген болатын. Ал, «Астана» Түркістанда «Тұранды» ұтып, маңызды үш ұпайға қол жеткізді.

ҚПЛ-дің 6-турында жоспарланған матчтар:

  • Жеңіс – Елімай
  • Қызылжар – Тұран
  • Қайрат – Атырау
  • Тобыл – Жетісу
  • Ақтөбе – Астана
  • Шахтер – Қайсар