Түркістандық «Қыран» клубы ақшаның жоқтығынан сырт ойынға тағы бара алмады

Редактор
02.05.2024, 15:52

Бұған дейін олар «Екібастұзға» бара алмай, техникалық жеңіліс алған болатын

instagram.com/qyran_fc/

Футболдан Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында өнер көрсететін «Қыран» командасы осымен екінші рет сырт алаңдағы ойынға бара алмады. Алдын ала болжам бойынша, клубтың өзге өңірге қатынауға қаржысы жоқ.

Бірінгі лиганың 5-туры аясында «Қыран» Астанада «SD Family» клубымен кездесуі керек болған. Алайда, қонақ команданың келмеуіне байланысты матч болған жоқ. Тиісінше, енді астаналық клубқа автоматты түрде 3:0 есебімен жеңіс жазылуы тиіс.

Айта кету керек, бұның алдында «Қыран» Павлодар облысына да бара алмады. Яғни, «Екібастұзбен» жоспарлы ойын өткен жоқ. Нәтижесінде, Павлодар облысының командасына үш ұпай жазылды.

Спорт журналисі Олжас Байбосынов «Бірінші бол» YouTube-каналында болған подкаст барысында Түркістан облысының клубтары жаппай қаржылық қиындық көріп жатқанын айтқан болатын. Тіпті, «Жетісай» клубы Ұлытауға бару үшін базарда кілем сататын кәсіпкерден 1 млн теңге ақша алған көрінеді.

Материалда: