Сондай-ақ, клуб басшылары жаңа бапкер де іздестіруде
Өзбекстан жастар құрамасы Азия кубогінде (U-23) сәтті өнер көрсеткеннен кейін алматылық «Қайрат» клубының басшылары осы елден жаңа ойыншылар сатып алуға ниеттеніп отыр.
Айта кетейік, футболдан Өзбекстанның жастар құрамасы Азия кубогінің финалына шығып, Париж Олипиадасына жолдама алып отыр. Бұрын-соңды Орталық Азия елдерінің ешбірі Олимпиадаға қатысып көрмеген. Осы ретте «Қайрат» скауттарының назары өзбектің бірнеше футболшысына түскен көрінеді.
Қазірдің өзінде «Қайрат» сапында Өзбекстанның қорғаушысы Иброхимхалил Юлдошев өнер көрсетеді. Енді жазда алматылық клуб басқа ойыншылармен де келіссөздер жүргізуі мүмкін.
Еске салайық, осы аптада «Қайрат» бас бапкер Кирилл Кекерді отставкаға жіберді. Оның міндетін уақытша Рафаэль Уразбахтин атқарып жатыр.