«Ордабасы» клубының президенті қызметінен кетті

Редактор
06.05.2024, 21:04

Оның отставкасы туралы сыбыс жыл басынан бері бірнеше рет тарады

prosports.kz

Шымкенттің «Ордабасы» клубының президенті Бауыржан Әбдубаитов қызметінен кетті.

Клубтың ресми хабарлмасында оның денсаулығына байланысты орнын босатқанын жазған.

Ол Шымкент командасының басшылығына 2022 жылдың басында келген. Екі жылдың ішінде клубты Қазақстан кубогы мен Қазақстан чемпиондығына жеткізді.

Еске салайық, «Ордабасының» бұрынғы президенті клубты 5 млрд теңге қарызға кіргізіп кеткен болатын. Абдубаитов кезінде команда осы қарыздан құтылды.

Айта кетейік, Бауыржан Әбдубаитов 2002 жылдан бері «БИІК» компаниясының («БИІК» футбол орталығы және «БИІК-Шымкент» ӘФК) президенті.