Қайрат Боранбаев түрмеден шыға салысымен «Қайрат» академиясына барған

Редактор
08.11.2023, 09:16

Ол  жылға сотталған болатын

Фото ашық дереккөзден

Күні кеше түрмеден шыққан танымал кәсіпкер, Дариға Назарбаеваның экс-құдасы Қайрат Боранбаев өзі иелік ететін «Қайрат» футбол клубының академиясына барды. Бұл туралы спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram-парақшасында жазды.

«Алматылық клубтың қожайыны 2007 жылғы “Қайрат” пен “Зенит” командаларының ойынын өз көзімен көріп қайтты. Одан бөлек, Боранбаев жас балалардың алдағы ойындарына сәттілік тілеп, олардың болашағына үлкен сенімнің артылып отырғанын ерекше атап өтті», - делінген аталған хабарламада.

Еске салсақ, Қайрат Боранбаев, Роман Наханов және Тайыр Жанұзақ «газды импорттауға жұмсалған қаражатты жымқырды» деген айыппен кінәлі деп танылып, Боранбаев 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қайрат Боранбаев мемлекетке 90 млрд теңге, кейін жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді. Кейін тағы мемлекетке 30 млрд теңге қайтарды. Қазан айынды мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті. 19 қазан күні Боранбаев өзінің кен орнын, компаниясын және зауытын мемлекет меншігіне берді.