Бірінші таймнан соң оның командасы 1:3 есебімен жеңіліп тұрған
Уругвайлық футболшы Луис Суарес Бразилия чемпионатында 19 минут ішінде хет-трик жасады. «Ботафого» мен «Гремио» арасында өткен 33-тур ойындарында есеп 3:4 есебімен аяқталып, қонақтар жеңіске жетті.
Сырт алаңда өткен кездесуде уругвайлық шабуылшы екінші таймда ерекше көзге түсті. З:1 есебімен ұтылып жатқан «Гремионың» тіреуші ойыншысы 50-минутта есепті қысқартса, араға 4 минут салып есепті теңестірді. Ал, 69-минутта Суарес жартылай қорғаушы Мациас Вильясанти берген пасты қақпаға дәл теуіп, командасын алға шығарды.
Небәрі 19 минут ішінде ойсырай ұтылып жатқан команданы жеңіске жеткізген шабуылшы осылайша өзінің қаншалықты әлеуетті екенін көрсетіп отыр.
Бұған дейін Еуропаның «Гронинген», «Аякс», «Ливерпуль», «Барселона», «Атлетико Мадрид» клубтарында ойнаған Луис Суарес өткен жылы Уругвай чемпионатына оралып, ел астанасындағы «Насьональдың» қатарын толықтырған еді. Алайда, латынамерикалық клубта 14 ойын өткізіп, биыл Бразилияның «Гремиосына» ауысты.
Бразилия чемпионатының 33 тур қорытындысы бойынша «Ботафого» 59 ұпаймен көш бастаса, екінші орында тура сондай ұпаймен «Гремио» өкшелеп келеді. Бұл ретте «Гремио» чемпионат басталғалы «Ботафогодан» 6 доп артық соғып алда болғанымен, қақпаға жіберген голдар саны бойынша екінші орынға сырғып отыр.
Айта кетейік, Луис Суарес қаңтарда 37 жасқа толады.