«Ахмат» басшылары Адиевтің Қазақстан құрамасын жаттықтырғанын қаламайды

Редактор
20.05.2024, 15:48

Қазір тараптар қайта келіссөз жүргізбекші

Қазақстан футбол федерациясы

Ресейлік «Ахмат» футбол клубының президенті Магомед Даудов «РБ спорт» тілшісіне берген сұхбатында команданың бас бапкеріне қатысты сұраққа жауап берді.

Айта кетейік, «Ахматты» жаттықтыратын Магомед Адиев Қазқақстан құрамасына да бапкерлік етеді. Ол Грозныйдың командасымен биылғы футбол маусымының соңына дейін келісімшарт жасасқан.

«Адиев клубта қала ма деген сауал көп қойылады. Ол ең алдымен бір құдайдың қолында. Біз оның Грозныйда қалып, осындағы өз командасын жаттықтырғанын қалаймыз. Алайда, Қазақстан құрамасымен де келісімшарты бар екенін білеміз. Сондықтан, келіссөздер тағы жүргіземіз», - деді «Ахматтың» президенті.

Ол сондай-ақ, Адиевтің екі бірдей жұмысты қатар алып жүруін қаламайтынын да жеткізді. «Оған қиын болады» деп қысқа қайырды сөз соңында.

Айта кетейік, Магомед Адиев Қазақстан құрамасына бапкер болып 2022 жылы тағайындалған. Ал, өзі жастайынан ойнаған «Ахматқа» биыл бапкер болып барды.