Рамзан Қадыровтың ұлы Магомед Адиевке басшы болып тағайындалды

Редактор
23.05.2024, 16:34

Оның жасы небәрі 18-де

Ахмат ФК

Шешенстан басшысы Рамзан Кадыровтың ұлы Ахмат Кадыров грозныйлық «Ахмат» клубына президент болып тағайындалды деп хабарлады «Чемпионат» сайты. Аталған команданы Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев жаттықтырады.

Бұған дейін аталған қызметті Рамзан Кадыровтың жақын серіктерінің бірі Магомед Даудов атқарып келген болатын.

«Ахмат» клубының жаңа президенті болып Шешенстанның Дене шынықтыру және спорт министрі Ахмат Кадыров тағайындалды. Ахмат Рамзанұлының басшылығымен клуб жаңа жетістіктер мен жеңістерге жетеріне сенімдіміз.

Ал, вице-президен ретінде Дене шынықтыру және спорт вице-министрі Умар Даудов тағайындалды. Сіздерге сәттілік тілейміз. Бірге жеңіске жетеміз», - деп жазылған клубтың ресми өкілдері таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Ахмат Кадыровтың жасы небәрі 18-де. Ол бұған дейін Шешенстанның Жастар ісі жөніндегі министрі, оның алдында Дене шынықтыру және спорт вице-министрі болған. Ал, оның туған інісі Адам Кадыров кәмелетке толмаса да жуырда ғана Шешенстандағы университеттердің біріне басшылық қызметке тағайындалған. Сондай-ақ, ол бір жылдың ішінде алты рет мемлекеттік награда алған.