Әділет Барменқұловтың өзі конститутцияны бұзып отыр – «Тобыл» басшысы базынасын айтты (ВИДЕО)

Редактор
24.05.2024, 23:17

Ол ірі көлемде айыппұл төлеуі тиіс

KazFootball.kz

Бұған дейін ҚФФ Әдеп кеңесімен жазаланған «Тобылдың» басшысы Әлімжан Қалдияр видеоүндеу жариялап, Федерация президенті Әділет Бәрменқұловтың өзін «конституцияны бұзды» деп айыптады. Оның сөзінше, ҚФФ басшысы футбол менеджерлеріне ашықтан ашық жала жапқан.

Есте болса, ҚПЛ-дегі төрешілерді сынаған бірнеше клубтың басшыларына ҚФФ Әдеп кеңесі ірі көлемде айыппұл салған болатын. Олардың қатарында «Астананың» спорттық директоры Игорь Павлюк пен «Тобыл» басшысы Әлімжан Қалдияр да бар. Соңғысы 300 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Мұнан кейін Әділет Бәрменқұловтың өзі видеоүндеу жариялап, футбол менеджерлерін төрешілерге пара береді деп ашық айтты.

«ҚФФ президенті Әділет Бәрменқұлов «клубтар арбитрларға пара беруді тоқтату керек» дейді. Яғни, ол осы сөзімен қазақстандық клубтар мен төрешілерге жалған жала жапты. Мұнысын бүкіл әлем естіді. Әдеп кеңесі батылдығы жетіп, жаза қолдана ма, жоқ па? Ал маған айыппұлды төлемесем футболға қолдау көрсетуіме, матчтарға баруыма шектеу қоймақ. Олар осы шешімі арқылы Конститутцияны бұзып жатыр. Өйткені бұл жерде адам құқығы тапталуда», - дейді Әлімжан Қалдияр.

«Тобыл» басшысы айыппұлды биыл 17 маусымға дейін төлеп тастауы керек. Болмаған жағдайда ол футбол ойындарына кіргізілмеуі мүмкін.

Еске салайық, бұған дейін «Тобылдың» директоры болған Андрей Канчельскис ресейлік БАҚ-қа сұхбат беріп, Әлімжан Қалдиярды «алаяқ» деп айыптаған болатын.

«Ол алаяқ. «Тобылдың» басшылығына қалай келгенін түсінбеймін», - деген еді шетелдік маман.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i