«Әліппен ақылдасам»: бразилиялық футболшы «Зениттегі» достары туралы айтты

Редактор
25.05.2024, 12:25

Питерлік клуб биыл уысында тұрған чемпиондықтан айрылып қалуы мүмкін

РИА Новости

«Зениттің» бразилиялық легионері Дуглас Сантос клубтың баспасөз қызметі ұйымдастырған сұхбатта командаластары туралы сырын ақтарды.

Әңгібе барысында ол қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке де тоқталып өтті.

– Зениттіктердің бәрі сіз туралы тек жағымды пікір айтады. Сізді нағыз капитан дейді. Ал, командаластарыңыздың арасынан кімді нағыз дос деп айта аласыз? Кіммен көбірек қарым-қатынастасыз?

– Родригаомен жақын доспын. Барриос, Клаудиньо, Вендел, Кассьерра және Мануанмен жақын араласамыз. Ерохин, Миша Кержаков, Әліп, Ильзатпен жиі ақылдасамыз. Бұл жігіттер мені одан әрі еңбектенуге, жастарға үлгі болуыма итермелейді. Біз – мен, Ероха, Кучо және Миша – командадағы ең жасы үлкен ойыншылармыз. Жас ойыншылардың бәрі Ероханың алаңға шығып бірнеше километрді шаршамай жүгіріп тастауын, Барриостың алаңның әрбір бөлігінде допқа таласа алатынын, Керждың жаттығуға бәрінен ерте келіп, өзгелерден көп еңбектенетінін көріп жүр. Олар біздің осы ісімізден үлгі алады деп ойлаймын және сенемін.

Айта кетейік, «Зенит» Ресей чемпионатында биыл чемпион бола алмауы мүмкін. Семак шәкірттері соңғы бес ойынның тек біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілді. Салдарынан турнир кестесіндегі көшбасшылықты мәскеулік «Динамоға» беріп қойды. Екі команданың арасын қазір екі ұпай бөліп тұр және чемпионаттың аяқталуына небәрі бір тур қалды. 

«Зенит» бүгін өз алаңында «Ростовты» қабылдаса, «Динамо» сырт алаңда «Краснодармен» ойнайды. Осы ретте айта кету керек, «Краснодардың» да чемпион болудан үміті бар. Олар бүгін «Динамоны» жеңіп, ал «Зенит» тең ойнап немесе жеңілсе, Мурад Мусаев шәкірттері тарихында алғаш рет Ресей чемпионы атанады.