Чемпиондықтың тағдыры соңғы турда шешілді
Санкт-Петербургтің «Зенит» футбол клубы алтыншы жыл қатарынан Ресей чемпионы атанып отыр. Бүгін ел біріншілігінің соңғы турында Семак шәкірттері «Ростовты» 2:1 есебімен ұтты.
Айта кетейік, «Зенитте» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсетеді. Бүгін ол негізгі құрамда шығып, 90 минут ойнап шықты.
Матчтың бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Есесіне, екінші таймда жанкүйерлер үш бірдей голдың куәсі болды. Есепті қонақтар ашқан. «Ростов» сапынан 54-минутта Роналдо көзге түссе, араға 11 минут салып Мантуан есепті теңестірді. Ал, 85-минутта Артур питерлік командаға жеңіс алып келді.
Айта кету керек, «Зениттің» чемпиондығы соңғы минуттарда ғана шешілді. Өйткені, турнир кестесінің бірінші сатысында тұрған мәскеулік «Динамо» сырт алаңда «Краснодарға» жеңіліп (0:1), уыста тұрған титулдан айрылып қалды. «Зенит» екеуінің арасын екі-ақ ұпай бөліп тұрған. Осы матчтан кейін питерліктер 57 ұпаймен жарысты бірінші орында аяқтаса, «Динамо» екінші орынға да тұрақтаған жоқ.«Краснодар» екеуінің ұпай саны теңесіп, гол саны жағынан краснодарлықтар озып кетті.