«Ақтөбенің» «Қайсар» қақпасына соққан фантастикалық голы «жыл голы» атануы мүмкін (ВИДЕО)

Редактор
26.05.2024, 01:12

Гол авторы – Максим Самородов

"Ақтөбе" ФК

Бүгін футболдан Лига кубогі турнирі басталды. Алдымен В және С топтарының ойындары өтті.

Қарағандыда «Жеңіс» Қостанайдың «Тобыл» клубын жеңіп кетті. Бұған дейін чемпионатта екі команда тең түскен. Бұл жолы кубокта бапкерін ауыстырған «Жеңіс» 2:0 есебімен басымдық танытты. Бірақ «Тобыл» негізгі емес, қосалқы құрамын әкелді. 

«Атырау» мен «Ордабасы» матчында есеп ашылмады. Семейде «Елімай» Түркістаннан келген «Тұран» командасын аяған жоқ. Есеп – 3:0. Оның екі голын қарағандылық футболшылар Иван Свиридов пен Жан Әли Пайруз салды. Біреуін легионер Сада Тиуб өз атына жазды.

«Ақтөбе» Қызылорданың «Қайсарынан» 2:0 есебімен басым түсті. Матчтағы екінші голды Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов қайшылап теуіп салды. Бұл жаңа турнирдің ең бір әдемі голы болды.

Ертең тағы төрт ойын өтеді.