Бірақ, ҚФФ президентін УЕФА сайлайды
Freedom Holding Corp қаржылық-инвестициялық тобының иесі, миллиардер Тимур Турлов ҚФФ президенті болып сайлануы мүмкін деп жазады Meta-ratings.kz.
Турловтың өзі қазіргі таңда ҚФФ Атқару комитетінің мүшесі. Ол аталған лауазымға қол жеткізу үшін Қазақстан билігін «іске қосуы» мүмкін-міс.
Қазақстан футбол федерациясының басшысын УЕФА өзі сайлайды. Ал, мемлекет билігі тарапынан лауазымды тұлғалар бұл іске араласқан жағдайда ФИФА мен УЕФА ұлттық құраманы және елдің клубтарын халықаралық жарыстардан аластатады.
ҚФФ-ның қазіргі президенті Әділет Бәрменқұлов бұл лауазымға 2022 жылы сайланған болатын.