Жұлдызды легионердің «Астанадан» кетуінің нақты себебі белгілі болды

27.05.2024, 10:12

Ол бұған дейін Қазақстанға бейімделе алмағанын айтқан

Астана ФК

«Астана» сапында небәрі үш ойын өткізіп, клубтан кетіп қалған испан легионері Карлитостың Қазақстанға үйрене алмағаны бұған дейін айтылған болатын. Алайда, бұл жай ғана сылтау болып шықты. «Жұлдызды ойыншы» клуб бапкері Григорий Бабаянмен жанжалдасып қалған деп жазады Vesti.kz.

Карлитостың өзі кетер алдында «астаналықтарға» алғысын айтып, Қазақстанға бейімделу өте қиын екенін жазған болатын. Бірақ, клубқа жақын инсайдерлер футболшы мен бапкер ортақ тіл табыса алмады деп хабарлады.

33 жастағы Карлитос «Астана» сапында өткізген үш ойында мүлдем көзге түскен жоқ. Ол бұған дейін Грекияныі «Ламия» клубында өнер көрсеткен. Сондай-ақ, мансабында испандық «Торрельяно», «Эльче», «Онтеньенте», «Фуэнлабрада», «Новельда», «Эльденсе» және «Вильярреал Б», ресейлік «Петротрест», кипрлік «Арис», польшалық «Висла» (Краков) және «Легия», сонымен қатар «Аль-Вахда» (БАӘ) және грекиялық «Панатинаикостың» сапында ойнаған.