ПСЖ-дан жалақысын ала алмай жүрген Мбаппе Еуропаның үздік ойыншысы деп танылды

Редактор
29.05.2024, 15:34

Ямаль – серпінді ойыншы, Алонсо – үздік бапкер, Буффон – үздік карьера иесі

Getty Images

Маусым соңында «ПСЖ» клубынан кететін француз футболшысы Килиан Мбаппе Еуропаның үздік ойыншысы атанды. Ол Globe Soccer Awards сыйлығына лайық деп танылып отыр.

Естеріңізде болса, таяуда ойыншының «ПСЖ»-дан біржола кетіп, жаңа маусымда мадридтік «Реал» сапына қосылатыны туралы сенімді дереккөздері мәлімдеген еді. Сонымен бірге, Мбаппе қазір өзі ойнайтын клубпен соттасуы мүмкін екені де белгілі болды. Оған клубтың спортшыға айлық еңбекақысы мен бонустарын бермеуі себеп болған.  

Алда «Реалға» қосылатын футболшы жылына 15 млн еуро еңбекақы алып, қосымша 150 млн еуро бонус алатынын БАҚ-тар жаза бастады.

Айта кететін жайт, Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша Ямаль серпінді ойыншы ретінде танылса, Алонсо үздік бапкер, Буффон үздік карьера иесі, Артета АПЛ-дың үздік бапкері атанып отыр.

Материалда: