Ол Франциядағы шетелдіктің жұмысқа тұруындағы басты қиындықтар туралы да айтып берді
«Пари Сен-Жермен» клубы жүйесінде жұмыс істейтін алғашқы қазақстандық қыз өз тәжірибесін бөлісіп, Еуропа мен Қазақстан футболының айырмашылығын атады.
Айдана Марат бірнеше жылдан бері Францияда тұрады. Бүгінде ол «ПСЖ академия» футбол мектептерінің жүйесінде байланыс жөніндегі менеджер. Tengri Sport-қа берген сұхбатында ол жұмысының ерекшелігіне тоқталып, отандастарына кеңес берді.
– ПСЖ-ның бөлшегіне айналу қаншалықты қиын болды? Бұл қазақстандықтар үшін қолжетімді ме?
– Қазақстанда бакалавриатты тәмамдаған соң Париждегі Paris West University Nanterre La Défense университетіне «Спорттық менеджер» мамандығы бойынша магистратураға түстім. Француз тілінде білім алу тегін, ал жергілікті диплом жұмысқа орналасар кезде басымдық береді.
Менің Франциядағы кәсіби жолым Француз футгольф қауымдастығындағы жұмыстан басталды. Ол жерде коммуникацияларға, әлеуметтік желіге жауапты болдым, сондай-ақ өңірлік және ұлттық медиамен жұмыс істедім. Мұның бәрі мен үшін нағыз сынақ болды.
Жылына 30-дан астам жарыс өткізіп, оған тілшілерді шақыру, баспасөз парағын жазу, әлеуметтік желілерді жүргізу секілді міндеттер кірді, тіпті демалыс күндері де жұмыс істедім. Осы уақыт аралығында спорттық және ұлттық медиамен байланысымды арттырып, сөз саптауымды дұрыстадым, француз тілінде сенімді сөйлеуді және жазуды үйрендім, - деді Айдана.
Бойжеткеннің айтуынша, француз клубындағы вакансия жайлы ол құрбысынан естіген. Айдана сол күні-ақ резюмесімен қоса қажетті хаттарды жібергенімен, 400 үміткердің арасында өзін ешкім байқамай да қалатынына сенімді болыпты.
– Сізді сол 400 адамның ішінен қалай таңдады?
– ПСЖ-дағы менеджерімнің сөзінше, оның көзіне менің резюмемде көрсетілген тәжірибем және ағылшын тілін еркін меңгергенім түскен.
ПСЖ-ға өзімді үміткер ретінде тіркеуге француз құрбым көндірді. Оның жігіті де сол клубта, бірақ әйелдер командасында жұмыс істейтін. Ресми сайтын ашып «ПСЖ академияға» коммуникациялар жөніндегі интернді іздеп жатқанын көзім шалды.
Екі аптадан соң таңертең телефон қоңырауынан оянып кеттім. «Қайырлы күн! Бұл Айдана ма екен? Сізге «Пари Сен-Жерменнен» хабарласып тұр» деді. Орнымнан қалай атып тұрғанымды білмей қалдым, - дейді қазақстандық.
Айдана HR-мен әңгімелесу қысқа болғанын айтады. Сонан соң ол ПСЖ академиясының директорымен сөйлескен. Бұл сатыдан ол сәтті өткен. Екі күннен соң оған жұмысқа алынғаны туралы хабарлапты.
– Францияға жұмысқа туруға келген шетелдіктің ең қиналатыны – құжаттар. Францияда уақытша өмір сүру мүмкіндігін кейде жарты жылға дейін күтесің. Бұл қызметпен айналысатын префектурадан кері байланысты күту мүмкін емес.
Сондықтан ПСЖ-дағы HR бұл құжатты жылдамдатуды талап етті, себебі кешіксем, үміткерліктен шығып қалуым мүмкін. Аз ғана уақыттың ішінде сол құжатты жеткізу үшін қалай қиналғанымды білсеңіз ғой.
Бұдан бөлек, үлкен спорттық клубтардың басшылығы үміткердің клубтың нағыз жанкүйері емес екенін және клубқа тек кәсіби қызығушылық танытанынын білу маңызды, - дейді қазақ қызы.
– Сіз клубта неге жауап бересіз?
– Бүгінде «Пари Сан-Жермен» бұл – футбол ғана емес. Бізде гандбол және дзюдо командалары, киберспортта 5 командамыз, қайырымдылық қорымыз және «ПСЖ академиямыз» бар. Оның әлем бойынша 22 франшизасы бар.
Коммуникациялар жоспарын жасап, әлем бойынша біздің орталықтарымыздың жұмысы туралы жазамын, ресми сайтқа материал жазып, әлеуметтік желілерді жүргіземін. Егер ойыншылардың академияның балаларымен кездесуін ұйымдастырар болсақ, алдын ала диджитал-бөліммен әлеуметтік желілерде бірігіп жазба жариялау туралы келісемін, - дейді ол.
Айдана Франция мен Қазақстандағы футболшылар даярлығын да салыстырды.
– Меніңше, Францияда спортшылардың жалпы даярлығына, іріктеуге, үнемі жетілдіріліп отыратын әдістемеге жүйелі қарайтын секілді. Біздің отандық футбол энтузиазммен және жаңа бастамаларға ашықтығымен ерекшеленеді.
Еліміздегі инфрақұрылымның дамуы да қуантады. Мысалы, Семейдегі жаңа манеж бен «Қайрат» академиясы. Яғни біздің жас футболшылар толыққанды алаңда жаттығу жасап, ойнап үйренеді, - деді ол.
Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i