Төреші үш ойыншыға «қызыл қағаз» көрсетіп, ойыннан қуып жіберді
«Ордабасының» жастар құрамасының үш футболшысы өзара төбелесіп қалды. Оқиға «Оңтүстік академиясы» клубымен болған ойында болған.
Шымкенттік дербиде «Ордабасы» 0:4 есебімен ойсырай жеңілді. Төбелеске де осы себеп болған.
Атап айтқанда, үшінші голдан соң футболшылар арасында кикілжің туындап, бір-біріне қолын ала жүгірген. Соның салдарынан Рысдәулет Асанбайға, Шерхан Асанбек пен Тұрар Асанбекке қызыл қағаз көрсетілді.
«Ордабасы-Ж» ойыншыларының бұл матчтағы орташа жасы 18,5-ті, олардың қарсыластарының орташа жасы 20,9-ды құрады.