Әйгілі Лука Модрич қазақ балаларымен сөйлесіп, Қазақстанға келуге уәде берді (ВИДЕО)

Редактор
31.05.2024, 15:25

«Ордабасының» жас футболшылары Хорватияның Задар қаласында басталған «Dalmatinko cup» халықаралық турниріне қатысуда

instagram.com/lukamodric10/

Хорватия құрамасы мен мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Лука Модрич «Ордабасы» академиясының жас түлектерімен онлайн-байланысқа шығып, «ақ батасын» берді. 

Осынау сәт түсірілген видеоны академияға жетекшілік етіп жүрген спорт маманы әрі блогер Арман Пірманов әлеуметтік желіде жариялады.

Айта кетейік, «Ордабасының» жас футболшылары Хорватияның Задар қаласында басталған «Dalmatinko cup» халықаралық турниріне қатысуда. Жарысты ұйымдастырушылар қазақ балаларына ерекше тосынсый жасапты. Олар бейнеқоңырау арқылы Лука Модричпен байланысып, футбол жұлдызымен сөйлестірген.

Әңгіме соңында Модрич Қазақстанға келетінін айтты. Даңқты футболшы 1 маусымда Чемпиондар лигасының финалында «Реал» сапында өнер көрсетпек. Мұнан кейін ұлттық құрамамен бірге Еуропа чемпионатына аттанады.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i