«Жалақы түгілі, ойнайтын доп та жоқ»: Оралда футбол бапкерлері жаппай қызметтен кетіп жатыр

Редактор
31.05.2024, 17:23

Олар бала-шағасын асырай алмай отырған көрінеді

Ақжайық ФК

Орал қаласындағы «Ақжайық» футбол орталығының бапкерлер штабы жұмыстан кету үшін жаппай арыз жазды. Олар ұзақ уақыттан бері жалақы алмаған деп жазды спорт журналисі Владимир Жарков.

Жасөспірімдерді баптайтын мамандар футбол ойнау үшін доп жоғын айтып отыр. Жаттықтырушылар жұмыс істеу үшін ешқандай жағдайдың қарастырылмағанына шағымданып, жалақының болатынын да үмітін үзген. Ал отбасын асырау үшін олар енді басқа жұмыс іздеуге кірісіп кеткен көрінеді. 

Қазіргі уақытта футбол орталығындағы жұмыс тоқтаған. Тіпті Жастар лигасында ойнайтын балалар да клубтан кетуге бекінген. 

Өз кезегінде жаттықтырушылар «Ақжайық» клубының басшылығына 1 маусымға дейін уақыт беріп отыр. Егер мәселе шешімін таппаса, олар жұмыстан біржола кетеміз деп ескерткен.

Материалда: