Зайнутдиновтің құны 1 млн еуроға арзандады

Редактор
31.05.2024, 17:56

Түркия Суперлигасында Қазақстан құрамасының екі ойыншысы өнер көрсетіп жүр

Қазақстан футбол федерациясы

Зайнутдиновтің трансфер анрығындағы құны миллион еуроға, Айымбетовтің құны 100 мың еуроға арзандады. Танымал Transfermarkt басылымы Түркия Суперлигасында ойнайтын футболшылар құнын жаңартты.

Осы орайда біз осы елде өнер көрсететін қазақстандық ойыншылар – «Бешикташ» жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов пен «Адана Демирспор» шабуылшысы Абат Айымбетовтің нарықтағы бағасы қалай өзгергенін тексеріп көрдік.

Өкінішке қарай, ұлттық құраманың екі футболшысы да құнын жоғалтқан.

Зайнутдиновтің бағасы 6 млн еуродан 5 млн-ға түссе, Айымбетов 800 мың еуродан 700 мыңға арзандаған.