Израиль қыздары «Астана Аренада» футбол ойнайтын болды

Редактор
12.11.2023, 09:41

Аталған елде соғыс болып жатыр

Фото ашық дереккөзден

Футболдан Израильдің қыздар құрамасы Ұлттар лигасы аясында болатын келесі екі ойынын Қазақстан құрамасымен өткізеді. Израильде болып жатқан соғысқа байланысты екі матч та «Астана Арена» стадионында өтпек.

Алғашқы ойын 23 қарашаға жоспарланған. Бұл күні алаң иелері қазақстандық футболшы қыздар болып есептеледі. Ал, 26 қарашада болатын қарымта матчта Израиль дәл осы стадионда Қазақстанды қабылдайды.

Мұнан кейінгі екі ойынын израильдік футболшы қыздар Арменияға қарсы өткізеді. Ол кезде де матчтар бір стадионда өтпек.

Материалда: