Енді оның Сан-Мариноға қарсы алаңға шығу мәселесі қаралады
Қазақстан құрамасының және «Бешикташ» футбол клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың мұрны сынды. Түркия Суперлигасының кезекті турында оның командасы «Истанбул Башакшехирмен ойнаған болатын.
Ойынның 41-минутында Бахтиер қарсылас клубтың ойыншысы ганалық Джером Опукумен соқтығысқан. Салдарынан Зайнутдиновтың мұрны сынып кетті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 17 қарашада өз алаңында Сан-Мариноны қабылдайды. Бұл – Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы соңғы екі ойынның бірі. Бахтиер Зайнутдинов аталған матчқа арнайы маска киіп шығуы мүмкін.