Ол қызылордалық клубпен бірге Бірінші лиганы екі рет жеңіп, Қазақстан кубогінің иегері атанған еді
Қызылордалық «Қайсар» футбол клубының бұрынғы ойыншысы Олжас Алтаев 35 жасында қайтыс болды. Бұл туралы клубтың Instagram-парақшасында хабарланды.
«Олжас Алтайұлы “Қайсар” футбол клубы сапында 2013-2021 жылдар аралығында доп теуіп, команданың алға қойған мақсатын орындауға өз үлесін қосты», - деп жазылған аталған хабарламада.
Олжас Алтаев «Қайсар» сапында Бірінші лиганың 2 дүркін жеңімпазы және Қазақстан кубогының иегері атанған. Марқұмның неден қайтыс болғаны айтылмаған.