«4-5 см жартылып кеткен»: Нұралы Әліп өзінің жарақаты туралы айтты

Редактор
03.06.2024, 09:43

«Зенит» Ресей кубогінің суперфиналында «Балтикамен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті

Зенит ФК

Қазақстан құрамасының және «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогін жеңіп алғаннан кейін басынан жарақат алған болатын. «Матч ТВ» телеарнасына берген сұхбатында ол қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Еске салайық, жеңісті тойлау кезінде Нұралы кубокті жоғары көтеріп, трофейдің қақпағы футболшының басына құлап кеткен болатын.

«Мен кубоктің қақпағы жабысып тұратын шығар деп ойладым. Жабыспаған екен, тура басыма түсті. Алғашында түк етпейді деп ойлағам. Сөйтсем қанап жатыр екен. Жерге отыра кеттім, қатты ауырды, әрі қарай не болғанын видеодан көрдіңіздер. Қазір барып тіктірем. 4-5 см жыртылып кеткен. Тіпті, Тороппен соқтығысқанда (Тороп – ЦСКА қақпашысы) мұндай ауыр соққы болған жоқ», - деді Әліп матчтан кейін.

«Зенит» Ресей кубогінің суперфиналында «Балтикамен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жеңіс голын 90+5 минутта Нұралы Әліп соқты.

Материалда: