"Жүр душқа, бір жеріңді айырам". Черчесов расымен қатал бапкер ме?

Редактор
03.06.2024, 20:21

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып Станислав Черчесов  тағайындалды. Бір ресейлік бапкерді шығарып салып, екіншісі орнын басты. Не өзгереді

1bol.kz

Ашық ақпаратқа сенсек, Станислав Черчесовке ҚФФ жылына 1,2 миллион еуро төлеуі мүмкін. 

Футбол сарапшысы Ербол Қайыров бұл жалақы қоғамда наразылық туғызатынын, бұған дейін ұлттық құраманы жаттықтырған Магомед Адиевтің бұл сомадан екі есе аз алғанын айтты. 

Енді қараңыз, 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатына шыққан ұлтттық құрама бапкерлерінің жартысынан көбі 1,2 млн еуродан төмен жалақы (жылына) алған. Бұл тізімге Бельгия құрамасының экс-бапкері Роберто Мартинес жатады. Тіпті, Хорватияны ӘЧ финалы мен жартылай финалына жеткізген Златко Далич жоғарыда айтылған сомадан екі есе аз жалақы алады. 

Ендеше, неге Черчесовтің кандидатурасына байланып қалдық? Ресейді ӘЧ ширек финалына дейін шығарғаны үшін бе, әлде қазақша түсінетінін айтқаны үшін бе?

Спорт сарапшысы Уәлихан Қосанбай ресейлік мамандарға телмірмей, Еуропадан бапкер шақырған жөн деп есептейді. Себебі, футбол өзгеріп жатыр, оған қоса ойын стилі де түрленіп жатыр. Сондықтан Қазақстан құрамасына дәл қазір өзгеріс әкелетін бапкер керек деп есептейді.

Көрерменге ескерту: бұл подкаст Станислав Черчесов бас бапкер болып ресми тағайындалардан бір күн бұрын таспаланды. Бірақ спикерлер әлі біраз уақытқа дейін өзекті мәселелерді қозғады.