Жарнама
Жарнама
Реклама
Реклама

Килиан Мбаппе мадридтік «Реалға» ресми ауысты

Редактор
03.06.2024, 23:00

Ол ПСЖ-мен келісімшарты аяқталғандықтан мадридтік клубқа тегін ауысты

Getty Images

Әйгілі француз футболшысы Килиан Мбаппе ресми түрде «Реал» ойыншысы атанды. Ол биылғы маусым соңында ПСЖ-дан кеткен болатын.

Мадрид клубы француздың қатарға қосылғаны туралы әлеуметтік желідегі парақшаларында жазды.

Мбаппе «Реалға» еркін агент ретінде ауысты. Себебі оның ПСЖ-мен келісімшарты биыл жазда аяқталған. 

Француз шабуылшысы «Реалда» 9-нөмірмен өнер көрсетеді. 

Соңғы маусымда Мбаппе ПСЖ сапында барлық турнирде 48 матчқа қатысып, 44 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді. Transfermarkt.de сайты оны 180 млн еуроға бағалайды

Реклама
Реклама
Реклама
Реклама