«Еншімде 50 мың бөтелке шарап бар»: танымал футболшы ішімдік пен құмар ойынға тәуелділігі жайлы

Редактор
03.06.2024, 23:52

Ол жол көлік оқиғасына ұшырағаннан кейін футболды тастауға мәжбүр болды

Getty Images

Бір кездері «Арсенал» клубында өнер көрсеткен даниялық футболшы Никлас Бендтнер ішімдік пен құмар ойынға жұмсаған миллиондаған қаржысы туралы айтты.

Ол бүкіл жиған-терген ақшасын 24 жасында жаратып тауысқан екен.

«Еншімде 50 мың бөтелке шарап бар, әр жәшігі 140 мың фунт тұрады. Блэкджек пен рулеткаға тым көп қаражат жұмсадым: 24 жасымда барлық жинағымды жұмсап тастадым, бірақ жылжымайтын мүлік пен өнерге арналған дүниелер сатып алдым. 

Ойын түрін таңдамайтынбыз, бәрін ойнай бердік, үйде болсақ, гольфке арналған допты алып, 20 метр жерден шыны кесеге лақтыратынбыз, әрбір дәл тиген соққыға мың фунт тігетінбіз.

Бірде Лас-Вегаста өткізген бір түннен соң Harley Davidson сатып алғанмын. Бірақ ол бізге керек емес еді, кішкене қыдырдық та, қайта дүкенге өткізіп, ақшамның бір бөлігін қайтарып алдым», - деп еске алады футболшы.


Sports.ru

Бендтнер бутсыды шегеге 2021 жылы, 33 жасында ілді. Оның мұндай шешім қабылдауына жол апаты себеп. Кезінде футбол әлемінде ойып тұрып орын алады деген аяқдоп шебері жол апатына түсіп, ауруды басатын препараттар көп қабылдаған, тиісінше өзінің бабын сақтау қиындай түскен.

Никлас Бендтнер «Арсеналдан» бөлек «Ювентус», «Вольфсбург» және «Копенгаген» клубтарында ойнаған.

Бендтнер «Арсенал» сапында 171 матчқа қатысып, 47 гол соқты және 2013/14 маусымда Англия кубогына иелік етті. Сонымен қатар ол 2012/13 маусымда «Ювентуспен» Италия чемпионы атанса, 2014/15 маусымда «Вольфсбургпен» Германия кубогында топ жарған. Ал Дания құрамасында 81 матчқа қатысып, 30 гол соқты.