Мбаппенің «Реалдан» алатын жалақысы 100 млрд теңгеден асып кетеді

Редактор
04.06.2024, 11:22

Корольдік клубта ол 9-номермен өнер көрсетеді

Getty Images

Француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің Мадридтің «Реалымен» келісімшартының қаржылық талаптары белгілі болды.

3 маусымда «Реал» Мбаппемен бес жылдық келісімшартқа қол қойды. Шабуылшы «корольдік» клубқа еркін агент ретінде ауысты.

The Telegraph мәліметінше, 25 жастағы шабуылшы бір маусымда 15 миллион еуро алады. Яғни бес жылда шамамен 33,3 миллиард теңге алады деген сөз.

Сонымен қатар, Мбаппеге 150 миллион еуро (шамамен 66,7 миллиард теңге) көлемінде бонус беріледі, мұны ол бес жыл бойы алып отырады. Бұған имидждік құқық бойынша берілетін пайыздарды тағы қосыңыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап Килиан «Пари Сен-Жермен» сапында өнер көрсетіп, Лига 1-де алты рет топ жаарса, төрт рет Франция кубогында үздік шықты, сонымен қатар Франция суперкубогында үш рет және Француз лигасы кубогында екі рет үздік шыққан.

Француз шабуылшысы Мадрид клубында 9-нөмірмен өнер көрсетеді. 

Соңғы маусымда Килиан Мбаппе барлық турнирде 48 матчқа қатысып, 44 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt.de сайты оны 180 млн еуроға бағалайды.