Зайнутдиновтың ұлттық құрамада ойнауы екіталай – ҚФФ мәлімдеме жасады

Редактор
13.11.2023, 09:05

Оның мұрны сынды

ҚФФ ресми сайты

Қазақстан құрамасы мен түркиялық «Бешикташ» футбол клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Қазақстанның Сан-Марино мен Словенияға қарсы болатын ойындарына қатыса алмауы мүмкін. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының Facebook-парақшасында жазылған.

«Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» – «Ыстамбұл Башакшехир» матчында ауыр жарақат алып, ұлттық құраманың алдағы матчтарына қатысуы екі талай болып тұр. Дәрігерлердің қорытындысы шықпағанша Бақтиердің жарақаты қаншалықты ауыр екенін нақты айта алмаймыз. Жақын арада Бақтиердің қал-жағдайы туралы хабарлайтын боламыз.

Әзірше Бахаға тезірек сауығып кеткенін тілейміз», - деп жазылған аталған хабарламада.

Айта кетейік, Түркия Суперлигасының кезекті турында «Бешикташ» – «Истанбул Башекшехир» ойынында Бақтиер қарсылас команданың ойыншысымен соқтығысып, ауыр жарақат алған еді. Дәрігерлер оның мұрны сынғанын айтқан.