Бақтиер Зайнутдинов қазақстандарға үндеу жасады

Редактор
13.11.2023, 20:18

Футболшы ұлттық құраманың алдағы екі ойынына қатыса алмайды

Фото ашық дереккөзден

Ауыр жарақат алып, ұлттық құраманың ойынынан шеттеп қалған Бақтитер ХӨайнутдинов қазақстандық жанкүйерлеріне алғыс айтып, үндеу жасады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының және түркиялық «Бешикташтың» жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов өз клубының соңғы ойынында қарсылас команданың ойыншысымен соқтығысып, мұрнын сындырып алған болатын. Бүгін ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев Бақтиердың алдағы екі матчта алаңға шықпайтынын ресми мәлімдеді. Яғни, ЕУРО-2024 іріктеуі аясындағы Сан-Мариномен және Словениямен болатын кездесу Зайнутдиновсыз өтеді.

Әлеуметтік желіде қалдырған жазбасында ол жанкүйерлеріне алғыс айтып, Қазақстан құрамасының ойыншыларына жеңіс тіледі.

«Баршаңызға қолдау үшін рахмет! Жылы сөздеріңіз үшін көп рахмет. Жігіттерге ұлттық құрамадағы ойынына сәттілік тілеймін. Алға!» - деп жазды ол.