Қазақстанның футболшы қыздары Арменияны тас-талқан етіп ұтты

Редактор
04.06.2024, 22:05

Бұл – Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы жеңісі

prosports.kz

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Алматыда Арменияны қабылдады.

Естеріңізде болса, Арменияның Армавир қаласында өткен алғашқы матчта Мадияр Кембілов шәкірттері алаң иелеріне жол берген еді. Ол кезде құрамадан жалғыз голды Камила Құлмағамбетова соққан (1:2). Сондықтан бапкер де, қыздарымыз да өз алаңымызда есе қайтарамыз деп сөз берген. Солай болды да. 

Бас бапкер негізгі құрамда мына ойыншыларға сенім артты:

  1. Ангелина Портнова
  2. Хайрулина
  3. Анастасия Низамутдинова
  4. Камила Құлмағамбетова
  5. Аида Гайстенова
  6. Бибігүл Нұрышева (кап.)
  7. Әсем Қаражанова
  8. Әмина Бибосинова
  9. Александра Бурова
  10. Совет
  11. Әселхан Тұрлыбекова

Қыздардың қарымта ойынға тың шыққаны бірден көрінді. Қимылдары да ширақ, бір-біріне пас беруде де сенімділік байқалды. 

Соның арқасында есепті де бірінші болып ашты. Бірінші таймда алдымен Александра Бурова мергендігімен көзге түссе, көп ұзамай Аида Гайстенова есепті еселеді. Сонан соң қонақтар қорғаушылардың қателігін пайдаланып Портнова қорғайтын қақпаны дәл көздеді. Осылайша, екі ойын қорытындысы бойынша таразы басы теңесті. 

Екінші таймда Кембілов шәкірттері қасымды үдетіп, шабуылға көшті. Нәтижесінде команда капитаны Бибігүл Нұрышева құраманы алға шығарса, Әселхан Тұрлыбекова таблодағы айырмашылықты ұлғайта түсті – 4:1. 

Матч осы есеппен аяқталды. Бұл Қазақстан құрамасының іріктеу тобында алғашқы жеңісі екенін еске сала кетейік.

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне өз топтарында бірінші орын алған құрамалар мен екінші орын алған үштік қатысады.