Өзбекстанның өз Роналдосы бар

Редактор
04.06.2024, 23:26

Бразилиялық Роналдо ма, әлде португалиялық Роналду ма?

UPL

Өзбекстанда Роналдо есімді ұл табылды. Бұл туралы UPL хабарлайды.

2011 жылы туған Янгибаев Роналдо Фуркат Угли португалиялық жұлдыз Криштиану Роналдудың құрметіне осындай атқа ие болса керек. 

Дегенмен, жасөспірімнің ата-анасы футболшының есімін қате жазған тәрізді. Өйткені жас Роналдо португалиялық футболшыға тиесілі 7-нөмірлі жейдені киіп жүргенін байқауға болады. Ал бразилиялық Роналдоның 9-нөмірмен өнер көрсеткенін жақсы білесіздер. Соған қарағанда, өзбекстандық жасөспірімнің ата-анасы дәл осы Криштианудың жанкүйері деп топшыладық.