Ішкілікке салынған Джек Грилиш Еуро-2024 чемпионатына қатыспайтын болды

Редактор
06.06.2024, 22:44

Ол клубымен ел чемпионы атанғалы бері алкоголь ішуін тоқтатпаған

Getty Images

«Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы Джек Грилиш неміс жерінде өтетін Еуропа чемпионатына қатыспайтын болды.

The Athletic басылымының жазуынша, құраманың бас бапкері Гарет Саутгейт қорғаушы Гарри Магуайр екеуін тізімнен алып тастаған. Соңғысы, жарақатына байланысты көмектесе алмайды.

Ал ішкілікке жақын Грилиш қазір бабында емес. Бұл бас бапкерге ұнамаған. Енді екеуі құраманың жаттығу жиындарынан кетеді.

«Манчестер Сити» былтыр требл жасаған кезде футболшы 60 сағат тоқтаусыз тойлағаны хабарланған еді. Ол арақты көп ішетінін ешқашан жасырған емес.