Танымал боксшының ұлы футболдан ел чемпионатында фантастикалық гол соқты (ВИДЕО)

Редактор
07.06.2024, 00:01

Оның әкесі Василий Жиров, Аркадий Топаветармен бірге қазақ боксының дамуына зор үлес қосқан

"Жетісу" ФК

Алматының «Хан-Тәңірі» клубының 24 жастағы жартылай қорғаушысы Диас Қалыбаев Ақтаудың «Каспий» клубына әдемі гол соқты. Аталған матчта ол екі рет дәл соққысымен көзге түсіп, дубль авторы атанған. Ал, матчта оның командасы 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қалыбаев 15 жасында Германияға кетіп, әрі қарай Испанияға көшкен. Ол «Юпитер» және «Хабак» клубтарының U-19 командаларында ойнап, немістің алтыншы лигасындағы «Печ» клубында өнер көрсетті.

Қазақстанға Диас 2020 жылы оралып, ҚПЛ-да «Жетісу» мен «Атырау» клубтарында 21 матч өткізді.

2021 жылғы маусымда ҚПЛ-да 18 ойынға қатысып, бір гол соққан.

2023 жылы Қалыбаев Германияның алтыншы лигасындағы «Дойц» клубына кеткенімен, шілде айында «Хан-Тәңіріге» оралды.

Бірінші лиганың биылғы маусымында оның еншісінде 10 матчта 5+3 нәтиже бар.

Еске салсақ, Диас Қалыбаевтың әкесі Нұрлан Қалыбаев боксшы болған. Балқаш қаласында дүниеге келген. Қарағанды боксының көрнекті спорт өкілдерінің бірі. 90-жылдардың басында Нұрлан Қалыбаев, Аркадий Топаев, Бектас Әбубәкіров, Василий Жировтар Қарағанды боксын жоғары сатыға көтерген. 

Нұрлан Тұрысбекұлы 1990 жылы КСРО чемпионатында 51 келі салмақта күміс жүлде алған. 2004 жылы Афина Олимпиадасы кезінде Геннадий Головкин мен Серік Елеуовтің дайындалуына көмектескен. Екеуі де сол Олимпиада ойындарында жүлдеге ілікті.

Диас болса Алматы қаласында дүниеге келген. 8 жасынан бері футболмен айналысып, алғашында «Локомотив» клубы Алматыда құрылғанда сол команданың базасында жаттыққан. Александр Перемитин, Александр Топал секілді білікті бапкерлерден тәлім алған.