«Реал Мадрид» ойыншысы Арда Гүлердің қазақ қызына үйленетіні рас па?

Редактор
07.06.2024, 10:57

Оның сүйіктісі – «Галатасарай» баскетбол клубында негізгі ойыншылардың бірі

Ekovitrin

«Реал Мадрид» клубының жартылай қорғаушысы Арда Гүлер Еуропа чемпиондар лигасының финалынан кейін Уэмбли стадионында өзінің сүйіктісімен көзге түсті. 

Оның марапаттау рәсімінде клубтың бас бапкері Карло Анчелоттидің қасында қызымен қатар тұрғаны байқалады. Әлеуметтік желіде кең таралған суретте түрік футболшысының сүйіктісі Түркияда тұратын этникалық қазақ қызы екені айтылуда. Дуру Найманды желі қолданушылары өткен ғасырдың орта шенінде Түркияға қоныс аударған қазақтардың ұрпағы екенін жазды. 

Ал, түрік футболшысының қасында түскен суреттері жариялаған Дуру Найманның өте бақытты екенін аңғару қиын емес. Ол өзінің жігітімен түскен суреттерін көп жариялаған. Сондай-ақ, оның баскетболшы екені белгілі болды.


Фото: Cumhuriyet Gazetesi

Ал, essentiallysports.com басылымы футболшының қызымен бірге өткен жылы алғаш рет көзге түсіп, жанкүйерлердің қызығушылығын тудырғанын жазып отыр. 

Айта кететін жайт, түрік басылымдары футболшының Дуру Найманмен байланысын барынша жасырын ұстайды. 

Cumhuriyet түрік газетінің хабарлауынша, Дуру Найман 2005 жылы 1 ақпанда Түркияның Стамбұл қаласында дүниеге келген. 

«Екеуінің жасынан басқа көптеген ұқсастықтары бар. Дуру Найман да спортшы. Арда Гүлер Мадридтің "Реал" сапында 23 нөмірлі жейде киіп жүрсе, Найман Өзінің қазіргі клубы "Галатасарай" әйелдер баскетбол командасында 24 нөмірлі жейде киеді. "Галатасарайдың" ресми сайтының хабарлауынша, 19 жастағы баскетболшы қорғаушы позициясында ойнайды. "Галатасараймен" келісімшартқа отырмас бұрын, Найман Өзінің талантын "Фенербахче" әйелдер Баскетбол командасында көрсетті», - деп жазылған басылымның материалында. 

Сондай-ақ, Түркия басылымдары олардың олардың қарым-қатынасы туралы басқа спортшылар айтпағанымен, екеуі 2021 жылға дейін кездескен жоқ деп болжап отыр. Бұдан бөлек, екеуі өзара байланысын көпшілік алдында әлі айтпаған көрінеді.