Лионель Месси «Реалдың» әлемдегі ең үздік команда екенін мойындады

Редактор
07.06.2024, 16:13

Аргентиналық шабуылшының өзі мансабының ұзақ бөлігін «Барселонада» өткізген

Getty Images

Әйгілі аргентиналық футболшы, «Интер Майами» клубының шабуылшысы Лионель Месси әлемдегі ең үздік футбол командасы деп өзіне ұзақ жыл бәсекелес болған мадридтік «Реалд» атады. Бұл туралы infobae.com сайты жазды.

«Ең үздігі – «Реал». Өйткені, олар Чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы. Бұған дейінгі маусымдарда да олар өздерін «Манчестер Сити» секілді үздік футбол ұжымы ретінде көрсете алды.

Ал, егер ойын жағынан алатын болсақ, маған Пеп Гвардиоланың «Манчестер Ситиі» ұнайды. Гвардиола жаттықтыратын кез келген команда ерекше ойын мәнеріне ие болады, ол сонысымен мықты.

Сондықтан, ойын деңгейі бойынша ең үздігі – «Манчестер Сити», ал нәтиже жағынан – «Реал» клубы», - деді Месси.

Еске салайық, 2023/24 жылғы маусымда мадридтік команда Испания чемпионы атанып, артынша Чемпиондар лигасын да жеңіп алды.