Автоголдан кейін концентрацияны жоғалтып алдық – Рамазан Оразов Армениядан жеңілістен туралы

Редактор
08.06.2024, 09:50

Қазақстан аталған ойында 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, төреші қосқан соңғы төрт минутта пенальтиден есепті қысқарта алды

Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Армениядан жеңілістін себебін түсіндіріп, ойынға қатысты өз пікірін айтты.

Еске салайық, Ереванда болған жолдастық кездесуде армяндар 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Ойын өте жоғары темпте өтті, екі команда да динамикалық футбол көрсетті. Алғашқы минуттарда автогол жіберіп алғаннан кейін концентрацияны жоғалтып алдық. Сперцянға көп кеңістік беріп қойдық. Салдарынан гол кірді. Бізде де мүмкіндік аз болған жоқ, соны толық пайдалануымыз керек еді: не пас жетпей қалып жатты, не соңғы соққы жетпей қалып жатты. Келесі матчта осы қателіктерге жол бермей, жеңіске жетеміз деп үміттенем», - деді Оразов Meta-ratings.kz тілшісіне.

Айта кетейік, Қазақстан аталған ойында 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, төреші қосқан соңғы төрт минутта пенальтиден есепті қысқарта алды. Команданы аталған ойынға бас бапкердің орнын уақытша алмастырған Руслан Балтиев алып шыққан.