Нұрәлі Әліп қымбат көлік сатып алды (ВИДЕО)

Редактор
13.06.2024, 00:04

Нарықта мұндай көліктер 35-43 миллион теңге аралығында тұрады

скрин Instagram

Санкт-Петербургтің «Зенит» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Mercedes-Benz E-class автокөлігін сатып алды.

Қазақ футболшысының жаңа көлікке қол жеткізгенін әлеуметтік желі қолданушыларының бірі жазды.

«Көлігімді саттым. Оны өзімнің бауырым Нұрәлі Әліп сатып алды», - деп жазды көліктің бұрынғы иесі.

Ал футболшы болса «Енді менде «ешка» бар» деп жазды.

Желі қолданушысының айтуынша, Әліп көлігін алып, туған жері Ақтауға тартқан. Нарықта мұндай көліктер 35-43 миллион теңге аралығында тұрады.

Материалда: