Зайнутдинов пен Әліп бір клубта өнер көрсетуі мүмкін
«Бешикташ» пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер лигасына ауысуға жақын.
Haber Kartali мәліметіне сәйкес, «Бешикташ» пен «Зенит» қазақстандық футболшының трансферіне келіскен. Санкт-Петербургтің клубына Жедсон Фернандеш те ауысуы мүмкін.
26 жастағы Зайнутдинов өткен маусымда стамбұлдық команда сапында 42 матч өткізіп, екі рет гол соққан және бір рет нәтижелі пас берген.
25 жастағы Фернандеш болса 45 матчқа қатысып, үш гол соқты және алты рет нәтижелі пас берді.
Еске салайық, Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» 2023 жылы жазда мәскеулік ЦСКА-дан ауысты. Түріктер қазақстандық футболшы үшін 4,5 млн еуро төлеген болатын. Оның келісімшрт мерзімі 2026/27 маусымның соңына дейін деп көрсетілген.