«Ақтөбе» мен «Астана» туын таптаған Игита «Қайраттан» кетуі мүмкін

Редактор
13.06.2024, 11:34

Ол қарсылас командалардың жанкүйерлерінен кешірім сұрап үлгерді

Қазақстан футбол федерациясы

«Қайрат» футзал клубының қақпашысы Игита биыл жазда басқа клубқа ауысуы мүмкін деп жазады Vesti.kz. Бұл шешімге жуырда ғана болған келеңсіз жайт себеп көрінеді.

Есте болса, «Қайрат» – «Семей» матчы аяқталғаннан кейін алматылық клуб ойыншылары автобусқа мінер алдында жанкүйерлер жасаған «тірі коридормен» жүріп өткен. Ал, Игита автобусқа мінерде фанаттар жерге «Ақтөбе» мен «Астана» клубтарының эмблемасы бейнеленген ту мен шарфтарды төсеп, қақпашыға оны таптатқан.

Игитаның келісімшарт мерзімі биыл жазда аяқталады. Ол«Семейге» ауысуы мүмкін екені бұған дейін айтылып келген еді. Алайда, осы жайттан кейін 38 жастағы қақпашы шетелге кетуі мүмкін.

Бразилиялық қақпашы «Қайрат» сапында 14 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Алматылық клубпен ол екі рет Чемпиондар лигасын жеңіп алып, бес рет әлемнің үздік қақпашысы атанды.