«Тек Роналдуға көрсетпеңіздер»: өзбек футболшысы қызу талқыға түсті

Редактор
15.06.2024, 10:29

Португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду «Ювентус» сапында ойнап жүргенде 2,5 метр биікке секіріп, баспен гол соққан болатын

Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желі қолданушылары Өзбекстан мен Иран құрамаларының кездесуі алдында БАҚ беттерінде жарияланған суретті қызу талқылап жатыр.

Көпшілік арасында кең таралған кадрдан футболдан Өзбекстан құрамасы мен Францияның «Ланс» клубының қорғаушысы Абдукодир Хусановты көруге болады.

Суретте қорғаушы алаңға шығар алдында жаттығу жасап жатыр. Ал, оның қаншалықты биікке секіргені кәсіби атлеттердің де таңданысын тудырған тәрізді.

«Тек Роналдуға көрсетпеңіздер», - деп жазып жатыр әлеуметтік желі қолданушылары.

Естеріңізде болса, португалиялық жұлдыз Криштиану Роналду «Ювентус» сапында ойнап жүргенде 2,5 метр биікке секіріп, баспен гол соққан болатын.