Ол отбасының қалауы үшін осыншама үлкен қаражаттан бас тартқан
«Әл-Хиляль» президенті Анмар әл-Хайли «Интер Майамидің» аргентиналық жұлдызы Лионель Мессиді қатарға қоспақ болғанын еске алды.
Бұл – Мессидің «Пари Сен-Жермен» клубымен келісімшарты аяқталар тұста болған оқиға.
«Шыны керек, біз Мессиге оның ПСЖ-дағы келісімшарты аяқталған кезде хабарласқанбыз. Біз оған 1,4 миллиард еуро ұсындық, алайда футболшы бас тартты, себебі оның отбасы Америкаға барғысы келген. Біз үшін мұның тосынсый болғаны рас, футболшы отбасының қалауы үшін қалайша осындай қомақты қаржыдан бас тартады деп ойладық. Оның отбасын көндіргенімізбен, бірақ ол ойланбастан бас тартты. Біз оның таңдауын құрметтейміз. Өйткені, отбасы ақшадан маңызды», - деді әл-Хайли.
Месси 2023 жылғы жаздан бері «Интер Майами» сапында ойнайды. Осы уақыт аралығында аргентиналық шабуылшы барлық турнирде 29 матчқа қатысып, 15 гол соқты және 16 нәтижелі пас берді. Оның клубпен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген.
Ал, Сауд Арабиясындағы «Әл-Наср» клубында португалиялық Криштиану Роналду ойнайды.