Еуро-2024: Екі матч та сенсациямен аяқталды

Редактор
17.06.2024, 23:08

Румыния құрамасы Украинадан басым түсті

instagram.com/echipanationala

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының төртінші ойын күнінде E тобындағы екі ойын аяқталды.

Алдымен Румыния құрамасы Украинадан басым түсті. Ребров шәкірттері қақпасына жауапсыз 3 гол жіберді. Матч алдында Украина фаворит саналған.

Ал Бельгия Словакияға есе жіберді. Матчтың 7-минутында Иван Шрнац салған гол словактарға 3 ұпай сыйлады. 
Бельгия сапынан Ромелу Лукакудың соққан екі голы есепке алынбады.

Айта кетейік, бүгінгі ойындарды D тобындағы Австрия мен Франция кездесуі түйіндейді.