«Бешикташ» клубының бас бапкері Зайнутдиновты командада көргісі келмейді

18.06.2024, 01:00

Оның «Зенитке» ауысатыны туралы сыбыс шындыққа айналатын секілді

Бешикташ ФК

«Бешикташтың» жаңа бас бапкері Джованни Ван Бронхорст қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдиновты стамбулдық клуб сапында көрмейтінін айтты деп жазады Türkıye Gazetesi.

Маусым айында келген нидерландық бапкер басшылыққа берген есебінде Зайнутдинов, Анте Ребич, Дэниел Амарти, Умут Мераш, 

Алекс Окслейд Чемберлен есімдерін атап, олармен қош айтысу керектігін айтқан және өткен маусымда жалға берілген футболшыларды күтетінін мәлімдеген.

Айта кетейік, бұған дейін Бақтиер Зайнутдиновтың ресейлік «Зенитке» ауысатыны айтылған болатын. Дегенмен, қазақстандық футболшының өзі де, оның әкесі де Ресейге ауысу жағын қарастырмайтынын жеткізген.