«Ертістің» бас бапкері қызметінен кетті

Редактор
19.06.2024, 22:58

Сергей Якушин екі жақтың келісімі бойынша еңбек қатынасын тоқтатты

instagram.com/ertis_fk

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының бас бапкері Сергей Якушин қызметімен қоштасты. 

Якушиннің жетекшілігімен «Ертіс» биылғы маусымда 9 кездесу өткізіп, 6 рет жеңіске жеткен. «Ертіс» футбол клубы мен команданың бас бапкері Сергей Якушин екі жақтың келісімі бойынша еңбек қатынасын тоқтатты.

Бас бапкер Сергей Якушинмен еңбек шарты бұзылды. Біз Сергей Александровичке командамен бірлесе атқарған жұмысы үшін алғыс айта отырып, алдағы жобаларына сәттілік тілейміз. Оның жетекшілігімен «Ертіс» биылғы маусымда 9 кездесу өткізіп, 6 рет жеңіске жетті. Сондай-ақ 1 рет тең түсіп, 2 рет жеңілді», - деп хабарлады футбол клубы.

Айта кетейік, «Ертіс» құрамасы соңғы рет семейлік «Елімайдан» 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Павлодарлық клуб екінші лигадағы турнир кестесінде 19 ұпаймен көш бастап тұр.