Германия - Еуро-2024 плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы құрама

Редактор
19.06.2024, 23:05

Турнирдің тұсаукесер матчында Шотландияны 5:1 есебімен ұтқан

Kai Pfaffenbach/REUTERS

Футболдан Германия құрамасы өз алаңында өтіп жатқан Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне алғаш болып шықты.

Турнирдің тұсаукесер матчында Шотландияны 5:1 есебімен ұтқан немістер топтық кезеңнің екінші ойынында Венгрияны 2:0 есебімен жеңді.

Кездесудің 22-минутында «Баварияның» 21 жастағы жартылай қорғаушысы Джамаль Мусиала есеп ашса, 67-минутта «Барселона» жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган есепті еселеді.

Материалда: