«Неміс машинасын» тоқтататын біреу бар ма? Англия қай кезеңде сүрінеді? Есен Елеукенмен талқы

Редактор
20.06.2024, 09:08

Айта кетейік, жарыс қожайындары қатарынан екі матчта жеңіп, топтан плей-офф кезеңіне жолдама алды

коллаж: 1bol.kz

Футболдан Еуропа чемпионатының бірінші тур ойындары мәресіне жетті. Биыл кімнің қарқыны жоғары? Қай құрама Еуроға кездейсоқ келген және финалда кімдер ойнайды?

Бұл әрине футболсүйер әрбір адамның көкейінде жүрген сауалдар. Ал, оның жауабын бүгін біз қоғам қайраткері, қазақ спортына жанкүйер және «Жайдарманның» негізін қалаушы Есен Елеукен мырзамен іздеп көрдік.

Есаға – тек қазіргі футбол емес, сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы және екі мыңыншы жылдарда болған Еуропа чепионаттарын үзбей көрген нағыз жанкүйер. Ол тарихи ойындар туралы мол дерек білетін энциклопедия деуге болады. Ендеше, бүгінгі шығарылымды көріп, өз бағаңызды беріңіз.