Еуро-2024: Португалия тарихында 8-рет плей-офф кезеңіне шықты

Редактор
23.06.2024, 00:27

Енді 26 маусым күні чемпионаттың үшінші турында Португалия Грузиямен кездеседі

Getty Images

Португалия құрамасы қатарынан 8-рет Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты. Роберто Мартинес шәкірттері топтық кезеңнің екінші матчында Түркияны ойсырата жеңді, есеп – 3:0.

Бірінші тур ойынында португалдықтар Чехияны 2:1 есебімен ұтқан болатын. Екі ойында алты ұпай жинаған құрама келесі кезеңге тікелей жолдама алды.

Голдар: 

0:1 – 21 Бернарду Силва, 0:2 – 28, автогол Акайдин, 0:3 –55 Бруну Фернандеш.

Түркия құрамасы: Байындыр, Челик, Бардакджи, Акайдин(Демирал, 75), Айхан (Юксек, 58), Кадыоглу, Чалханоглу, Кекчю (Языджи, 46), Акгюн (Гюлер, 70), Актюркоглу(Йылдыз, 58), Йылмаз.

Португалия құрамасы: Диогу Кошта, Жоау Канселу (Семеду, 68), Пепе (Антониу Силва, 83), Рубен Диаш, Мендеш, Бруну Фернандеш, Бернарду Силва, Пальинья (Рубен Невеш, 46), Витинья (Жоау Невеш, 88), Рафаэл Леау (Нету, 46), Роналду.

Ескерту: 

Бардакджи (25), Рафаэл Леау (39), Акайдин (42), Челик(42), Пальинья (45).

Енді 26 маусым күні чемпионаттың үшінші турында Португалия Грузиямен кездеседі.